Ресей жүкті әйелдерге «Спутник V» («гам-КОВИД-Вак») вакцинасын алуға рұқсат етті, деп хабарлады Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко. Бұл туралы РИА НОВОСТИ порталы жазды.
Бүгін вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеудің оң нәтижелерін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректі ескере отырып, сарапшылар қауымдастығы «Гам-КОВИД – Вак» вакцинасын жүкті әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімдерді алып тастау туралы шешім қабылдады, деді Мурашко covid-19-ға қарсы күрес жөніндегі кеңес отырысында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!