Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Тәуелсіз еліміздің ғұмырында дін саласы көптеген өзгерістерге еніп келеді. Ал жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше.

«Рухтастар Cases»алаңындаҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Дастан Жанасұлы және  «Мүсірәлі ата» мешітінің имамы Айтжан Мұсаұлы қала жастарымен кездесті.

«Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен кездесуде діннің шығу тарихы,өскелең ұрпақ арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу,олардың санасын бөтен идеялардың ықпалынан қорғау,ақпараттық шабуылдарға қарсы идеологиялық иммунитетті қалыптастыру тақырыбында сөз қозғалды.

«Жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің басты себебі – діни білімсіздік. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады.Келесі бір себепкер – ғаламтор мен әлеуметтік желілер. Өкінішке орай, әлеуметтік желілер мен ғаламтор беттерінде дінге қатысты ақпарттардың ашық болуы,дұрыс сүзгіден өтпеуіжастарымыздың санасын улауда. Осы тұста діни сауатты арттырамын деп жат пиғылды теріс діни ағымдардың алдауынан сақ болған жөн, – деді облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың шоғырланған келесі бір орны – күмәнді діни оқу орындары. Шет елдерде білім алатын азаматтардыңдіни оқуордаларын мұқият зерттеп таңдау керек. Бұл тақырыпқа қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің имамы Айтжан Мұсаұлыкеңінен тоқталды.

Шара соңында қатысушы жастар көкейіндегі сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен  бөлісті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!