Бразилияның Сан-Паулу штатында су тасқыны мен көшкіні болды. Тропикалық циклонның әсерінен Сан-Себастьян, Убатуба, Ильябел және Бертиога қалалары зардап шекті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі eadaily.com сайтына сілтеме жасап.
Көптеген іс-шаралар тоқтатылды. Құтқарушылар жоғалған және үйінділердің астында қалған адамдарды табуға тырысуда. Тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері жауды.
Қазіргі уақытта ондаған адам хабар-ошарсыз кетті, 24 адам көз жұмды. Табиғи апат салдарынан Сан-Себастьянда 50-ден астам үй құлады. 330-дан астам адам шатырсыз қалды, 220-дан астам азамат эвакуацияланды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!