Әлеуметтік желілерде кей блогерлер «миллионмен декретке» деп аталатын сабақтардан бөлек, заңды айналып өтудің түрлі жолдарын ұсынуда. Оны тыңдау кезінде еш жерде тіркелмей, жұмыс істемей, бірыңғай жиынтық төлем төлеп, декретке шығу мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Бұған Еуразия бірінші арнасы жауап іздеп көрді.

Бүгінде инстаграмда онлайн сабақтың түріп өте көп. Блогер, коуч, тренерлер «декретке миллионмен», «баюдың түрлі жолдары» сынды кеңестерін жарыса ұсынуда.   Ал кей пысықайлар керісінше, заңды айналып өтіп, қыз-келіншектерге декретке шығудың басқа бағытын  үйретіп жүр. Солардың бірі, жұмыс істемей, табыс таппай БЖТ төлеу арқылы декретке шығу. «Менде оқыдым. Бір группада жазды. 5-6 ай төлеп алдым. Еш қорқудың қажеті жоқ, ешқандай зияны жоқ деп түскен сумманы көрсетіп, жолдарын жазып қойған еді. Қатты мән беріп оқымаппын. Ол кезде босанып қойып едім», «Менде естідім. Сол рас па? Біле алмай жүрмін». «Менде осы туралы естідім. Өзім жүктімін. 6 ай кішкентай қызым бар, 1 жарым жасты. Осыны төлеп, мен ала аламын ба?». Мен білем жолын, өзім ЕСП төлеп шықтым декретке. Жақсы мүмкіндік», – деп пікірлерін қалдырды оқырмандар.

Ал бухгалтер болып қызмет атқаратын Гүлнұр Нұрланқызы, мұндай алаяқтарды жоққа шығармады. Бірақ БЖТ төлеп оңай олжаға ие боламын деген қате пікір, дейді маман. «БЖТ төлеп, тек декрет үшін істеу ол дұрыс емес. Ол заңсыз болады. Бірақ бізде қол қусырып, үйде бос отырған әйелдер өте кем. Міндетті түрде бірдеме істеп жатады», – деді Гүлнұр Нұрланқызы. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да БЖТ-ны тек бейресми табыс тауып жүрген қыз-келіншектер үшін тиімді дейді. Ал үйде бос отырып,  ешқандай іспен айналыспаған жандар үшін бірыңғай жиынтықты төлеудің мүлдем қажеті жоқ екен. «Төлемге тағайындау кезінде біз міндетті түрде әрбір азаматтың байланысты, 19 тармағында жазылғандай бәрін тексереміз! Қай жерден қандай табыс тапты. Кейде дұрыс төлемейді. Қайта қайтарып, тағайындаймыз!» – деп түсіндірді «мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Гүлбағила Болатбекова.

Яғни, жалған ақпарат бергендар жауапқа тартылуы ықтимал.   «Заң жүзінде басқа заңдармен қарастылыған. Жалған ақпарат берген болса, әкімішлік кодекс бар. Жалған ақпарат бойынша қарастырылады», – деді ол. Сондықтан  үйде отырып ешқандай іспен айналыспаған қыз-келіншектер БЖТ төлеп, әлек болмаса болады. Одан қалды «декретте миллион теңгемен шығарамын» деп уәдені үйіп-төккен алаяқтардан сақ болғаны жөн, дейді сарапшылар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!