Украина тарапынан Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылы елде үлкен мұнай тапшылығын тудырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Politico басылымына сілтеп. 

Басылымның жазуынша, Ресейде тұтынушылар үшін дизельдік отын бағасы күрт өсіп кеткен.  Алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда соңғы аптада шамамен 10 пайызға өсті.

Атап айтқанда, бензин бағасы алты айдағы ең жоғары деңгейге жетті. Жыл басынан бері олар 20 пайыздан көп есе өсті. Себебі, мұнай өңдеу зауыттарына ұшқышсыз ұшақтар арқылы жасалған тұрақты шабуыл салдарынан жанармай қоры азайып барады.

«Ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына жасалған мұндай шабуылдар өте үлкен шығын мен үлкен кризиске әкеледі, өйткені жанармай мөлшері тек азаматтық тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен қатар әскери техника үшін де азайды», деп жазды басылым.

Сонау 2023 жылы агрессор ел ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты бензин мен дизельдік отынның экспортына тыйым салуға мәжбүр болды. Алайда халықаралық нарықта жанармай Ресейдікіне қарағанда қымбат болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!