Бірлік – қоғамда, адам өмірінде маңызды орынға ие қасиет. Сондай-ақ мемлекет үшін ықпалы зор екені белгілі. Қазақтың қазақ болып жүргені де ауыз­бір­шілігінің мол болғанында деп ойлаймын.

Менің ойыма бірлік деген ұғымды естігенде, әуелі өз елім, яғни, Қазақстан түседі. Неге десеңіз, еліміз түрлі қиындықты бастан өткерді. Қаншама адам соғысты, қаншама адам қан төкті,жанын қиды. Бұның бәрі ел егемендігін ойлаған, азаттықты аңсаған бабаларымыздың арқасы. Сондықтан ауызбыршіліктің не екенін солардан артық көрсеткен ешкім жоқ шығар, сірә?!
Қазақ елінің бірлігі тарихынан-ақ мығым болғаны бәрімізге хақ. Ал біз сол бірлікті қазір сақтай алып жүрміз бе?
“Болмасаң да, ұқсап бақ” демекші, қазір де ұлтымыз жаман қарқында емес. Бірлігін жарастырып, ауызбіршілігін сақтап жүрген еліміз бауырмашылдыққа құмар деп білемін. Ол біздің қанымызда бар. “Бірлігі жоқ ел болмайды” деген ұранмен күн кешіп жүргеніміз-бірлігіміздің бекемдігіне дәлел. Қазақстанның бірлігіне бүкіл әлем сүйсінуге тиіс. Себебі 130-дан аса ұлт өкілдерін бір ту астында біріктіріп отырған асыл ел. Бұл қазақтың бірлігі мықты екеніне ғана емес, қонақжай халық екеніне де дәлел бола алады. Бірлік тақырыбына әдебиет саласынан ой қосар болсақ, Ахмет Байтұрсынов атамыздың “Аққу, шортан һәм шаяны” ойға түседі. “Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас” деген жолдар бірліктің жалпы адамзатқа, мемлекетке, қоғамға қажет екенін көрсетіп тұр.
Бірлік мерекесін тойлайтын ұлтымның болмысы мені қатты сүйсіндіреді. Сан ғасыр бойы ынтымағы жарасқан қазақ елінің бірлік туы әлі талай биікте желбірейтініне сенімім мол.

З.АЛДАМЖАР

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!