Қызылордада Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында бастау алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы өз мәресіне жетті.

Екі кезеңде үш әннен орындаған конкурс талапкерлер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде елордалық Хайролда Мұратбекке бұйырды. І орынды Атыраудан келген өнерпаз Айбар Ғаниұлы. Ақтөбе облысының атынан қатысқан Нұртас Омаров ІІ орынды иемденді. ІІІ орынды қызылордалық Арайлым Маханбетжанова мен маңғыстаулық Аида Байгелова, Алматы қаласының атынан қатысқан «Saz Men» триосы өзара бөлісті.

Барлық қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Әнші-композитордың шығармашылығына арналған конкурстың қорытынды концерті 19 қараша күні сағат 17.00-де Нартай Бекежанов театрында өз көрермендерін күтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!