С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы және «Дәстүр» қолөнер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағаш шебері Пахриддин Шәмшідінұлының «Қолөнерден кәсіпке» атты шығармашылық көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
Өнегелі өмірінде көптің құрметіне бөленіп жүрген шебер, ұста 55 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған көрмеде облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Қазақстан суретшілер, қолөнершілер одағының мүшесі Жәнібек Маханбетов салтанатты шараның ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі. Сонымен қатар шығармашылық қолдау көрсету мақсатында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкері Перизат Құрманәліқызы, ақын Манап Көкеновтің інісі Құттықожа Көкенов, Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Әбілқайыр Сыздықов қатысып, жылы лебізі мен сый-сияпаттарын табыстады.
− «Қолөнерден кәсіпке» атты шығармашылық көрменің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Ықылым заманнан ағаш ою қазақ халқы үшін берекелі кәсіп десек болады. Бүгінде туындыларыңызды ұлттық брендке айналдырып отырған жайымыз бар. Кәсібіңізге береке берсін. Қолөнерді дамытатын жеке мектептер ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл өнерді кейінгі ұрпақ жалғастыру қажет, − деді Мира Жомартқызы.
Шаһизада ИСА
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!