Жақсылық – адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын ұғым. Адамда жағымды нәрсенің барлығы сол арқылы қалыптасады. Ол арқылы жас та, жасамыс та өзінің мақсат-мүддесін, арман-тілегін нықтайды. Жақсылықпен адам болмысына баға беруге болады және осы ұғым педагогикалық психологияда да, этнопсихологияда да жиі қолданылады.
Байқап қарасаңыз, қазіргі қоғам осыған мұқтаж. Адам жақсылық жасау үшін де оның бойына жанашырлық, мейірімділік пен жылы жүрек керек. Сол себепті бала дүниеге келген сәтінен бастап осы асыл қасиетті оның бойына дарытып, саналы ұрпақ тәрбиелеуге аса назар аударған жөн. Сонымен қатар мектеп педагогтері де балаға білім мен тәрбие берумен қатар олардың бойына адами құндылықтарды сіңіру жолында еңбек етсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ұлт болашағын адамгершілік құндылықтарға бай етіп тәрбиелеу – бүгінгі біздің басты мақсат.
Әлемді әрлендіретін тек жақсылық пен мейірімділік қана. Сол себепті қашанда жақсылық жолын таңдайық!
Венера БЕКТҰРҒАНОВА,
С.Сейфуллин атындағы №4ІТ мектеп-лицейінің
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!