И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру мамандығының студенттері «Orda Glass LTD» Қызылорда шыны зауытына экскурсия жасады.
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен ұйымдастырылған экскурсияда кәсіпорынның өндірістік бөлім басшысының көмекшісі Ғалымжан Қуатов жастарды жұмыстың қайнаған ортасына апарып, ондағы құрылғылармен, жұмыс процесімен, техникалық мүмкіндіктермен таныстырды. Шикізаттан дайын өнім алуға дейінгі жұмысты кезең-кезеңімен көрсетіп берді.
Соңғы уақытта елімізде техникалық мамандықтарға басымдық беріліп келеді. Сондықтан жастардың өндіріс саласына қызығушылығын арттырудың маңызы жоғары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!