Сәттілік тілеп өтіңіздер.
Әнші Ерке Есмахан сырға салу рәсімі өтетін күнді айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол шақыру қағазын Instagram-дағы сторисінде бөлісті. Онда сырға салудың 19 ақпанда болатыны жазылған.
«Қайырлы күн! Ертең бұйыртса біз үшін маңызды күн! Сәттілік тілеп өтіңіздер», – деп жазды әншінің өзі 18 ақпанда.
Еске салайық, қаңтарда Ерке Есмахан мен Raim-ның неке қидырғаны белгілі болды. Кейін Ерке Есмахан келіндік өмірі мен ұлының RaiM-ға көзқарасы туралы айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!