«Антикор» орталығында «Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушыларымен кездесу өтті. Онда жастар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіннің Қызылорда облысы бойынша департаменттерінің жұмыс барысымен танысты. Аталған департаментінің бас маманы Мұрат Искаков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызмет саласын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мәселелеріне тоқтала келе, Заңнамаларға енген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызмет істері департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов болашақ мемлекеттік қызметшілерге бағыт-бағдар берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!