Астанада такси жүргізушісі 9 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
102 нөміріне елорда тұрғынынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі оның 9 жасар қызын қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер қоңырауға бірден жауап беріп, бейнебақылау камераларының көмегімен 20 минут ішінде жүргізушінің кім екенін анықтады.
Бұл жолаушыларды тасымалдаған 24 жастағы такси жүргізушісі болып шықты. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!