Егіз
Егіз белгісіндегілер үшін бұл жыл сүйінші жаңалықтарға толы болады. Барлық өзгерістер жақсылыққа бастайды. Жұлдыздар өмірдің жаңа кезеңіне қадам басуда қорықпауға шақырады. Бұл белгідегілер қыңыр мінезден сақтану қажет. Тез тіл табысу арқылы өз ісін дөңгелетіп, қызметте беделге ие болады. Әсіресе технология саласында еңбектенетіндер өз кәсібінің жемісін көреді. Олардың идеялары мен жобалары тіпті ғылым саласында жаңалық болуы ғажап емес. Сол сияқты басшылардың көңілінен шығып, әріптестер арасында беделді боласыз. Жазда жоғары шенділермен абайлап тілдесу қажет. Себебі қиыс сөздер кішігірім келіспеушілікке соқтыруы мүмкін. Квалификацияның өсуіне, жаңа профессияны меңгеруге, жұмыс орнын ауыстыруға таптырмас уақыт – желтоқсан. Желтоқсан ай табыс әкеледі.
Ал отбасылы жандардың шаңырағы тыныштық пен ізгілікке толады.
Махаббат
Жаңа жылда күтпеген махаббат оқиғаларына кенелесіз. Жалғызбастылар сезімнің құшағына еніп, алғашқы алты айда ғашықтық ғаламатына бөленуі мүмкін. Бірақ бұл сезім көңіліңізге сызат түсіруі ғажап емес. Сол себепті сезімге тым берілмеңіз. Ал отбасылы адамдардың шаңырағында алауыздық орын алса, жұбыңыздың пікірімен санасып, эмоцияңызды берік ұстауды қолға алыңыз. Сол сияқты мәмілеге келіп, жақындардың сөзіне құлақ асып, балалардың талап-тілегіне назар аударыңыз.
Денсаулық
Жыл басында созылмалы жүрек-қан тамыр мен психикалық аурулары бар жандар қиналуы мүмкін. Осы бастан денсаулықты күткен жөн. Жүйке жүйесіне салмақ салмауға, көңіл-күйді тұрақты ұстауға тырысқан дұрыс. Ал жаз мезгілінің алғашқы екі айында ас қорыту жүйесі сыр беруі ықтимал. Тамақтануда аса сақтақ шарасын ұстаныңыз. Рационыңызды пайдалы жеміс-жидектер мен көкөністерге байытыңыз. Майлы тағамдардан аулақ болыңыз.
Қаржы
Қаңтар айында қызметтегі кейбір шиеленістердің әсерінен қызметтен кетіп қалуға бел байлауыңыз мүмкін. Бірақ бірден емес. Сізге қолдау көрсететін жақындар әркез жаныңыздан табылады. Ақпан айының ортасында қызметте жаңа мүмкіндіктердің ұшы шығады. Көктем айының соңында жоғары қызметке ұсыныс түсуі мүмкін. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Сиыр жылында өзіңіз емес, өзгелер сіздің үнемшіл екеніңізді аңғарады. Бұл қасиет басшылыққа жақпауы мүмкін. Дегенмен үнемшілдіктің арқасында мол табысқа кенелесіз.


Аударған Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!