Sputnik. Ұлттық стаитстика бюросы жұмысшылар саны қай салада көп екені туралы деректі жариялады.

2025 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде:

  • 7,2 млн – жалдамалы қызметкерлер (77%)
  • 2,1 млн – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%)

Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:

  • сауда – 17%
  • білім беру – 13,2%
  • өнеркәсіп – 12,5%
  • ауыл шаруашылығы – 10,3%
  • көлік және қойма – 7,2%
  • құрылыс – 6,8%
  • денсаулық сақтау – 6,6%

2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты. Өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!