SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Дильназ Ахмадиева ұлының диагнозы туралы алғаш рет ашық айтты. Өнер иесі бұл туралы Zamandas подкастында айтты.
Әншінің айтуынша, ұлы Зейданға психикалық-сөйлеу дамуының кешеуілдеуі диагнозы қойылған. Өнер иесі бұл жағдай өзінің ішкі күйіне түбегейлі әсер еткенін жасырмады.
Ол соңғы кезде жүйкесі әлсіреп, күн сайын дерлік жылап жүретінін жеткізді. Дильназ Ахмадиева көз жасы әлсіздіктің емес, жиналған эмоцияны сыртқа шығарудың бір жолы екенін атап өтті.
Соған қарамастан, әнші баласының денсаулығы үшін күресті тоқтатпағанын және өз оқиғасын жария айту арқылы осындай жағдайға тап болған отбасыларға моральдық қолдау көрсеткісі келетінін мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
