Биыл жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 1602 мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құрал алды. Ерекше жандарға көрсетілетін қызмет пен қажетті құралды алуға республикалық және облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева баяндады.

– Қазіргі таңда өңірімізде мүгедектерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтылуы – 77,5 пайызды құрады. Яғни, портал арқылы мүгедектігі бар тұлғалар өз қалауымен жеке іріктеуді талап етпейтін техникалық көмекші құралдардың 55 түрінің 24-ін ала алады. Порталдың ерекшелігі – мемлекеттік сатып алу процесі қолданылмай, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы мемлекеттің кепілдендірілген сомасы шегінде қажетті құралын алады, – деді Айгүл Болатқызы.

Алдымыздағы жылдан бастап оңалту құралдарының барлық 55 техникалық түрі мен қызметтер яғни, санаторий-курорттық емдеу, протез-ортопедиялық көмек, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметі порталға толық көшіріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!