Қарағанды облысында жол апатынан алты адам көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Вечерняя Караганда-ға сілтеме жасап. 

Видеодан кадр

Дерекке сүйенсек, оқиға кеше кешкі сағат 18:15 шамасында “Алматы – Екатеринбург” республикалық тас жолында болған. Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей “Тойота камри” және “Ниссан” маркалы көліктері соғылған. 

Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Оның ішінде екі көліктің де жүргізушісі бар. 

Сонымен қатар кәмелет жасына толмаған екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Осы қайғылы жағдайға байланысты Қарағанды облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!