Жастардың бойында елжандылық, отаншылдық, адалдық қасиеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызымен Syr Jastary орталығы директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы, орталық қызметкерлері және жастар қатысты.Басқосуда сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік феномен ретінде қарасытыру, сыбайлас жемқорлықтың тарихи түп-тамырлары мен күрделену жолы, сыбайлас жемқорлықпен қазіргі таңда күресу мен алдын алу жолдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірмелер жасады. «Жастардың білімді, салауатты, рухты болуы маңызды. Сонда ғана олар алдынан шыққан кедергілерді жеңе алады. Бойында сыбайлас жемқорлыққа мәдениет қалыптасады», – деді Жанар Жалғасбайқызы. Мамандар қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!