“Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танымал болған Дариға Бадықова не себепті күйеуінің көпшілік алдына жиі шықпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/dariga_badykova

Оқырманның: “Күйеуіңізді неге жиі көрсетпейсіз?” деген сауалына актриса: “Шынымды айтсам, күйеуім әдемі жігіт. Көз тиеді. Бақыт тыныштықты жақсы көреді. Жыртыңдап сала бергім келмейді. Бойшаң, көзі үлкен ер жігіттерді іздеуші едім, сұрағанға берді, шүкір”, – деп жауап берді.

“Күйеуіңіз қызғанбай ма?” деген оқырман сұрағы да жауапсыз қалмады. Дариға ондай дүниемен бас ауыртпайтын көрінеді.

“Жоға, қызғанышына қарап отыратын уақыт жоқ”, –  деп қысқа қайырды.

"Қызғанышына қарайтын уақыт жоқ". Дариға Бадықова күйеуі туралы айтты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!