Самара-Шымкент автомобиль жолының 1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан.

Жол апатынан 4 адам қайтыс болды деп хабарлады Polisia.kz.

19 ақпан күні Самара-Шымкент автомобиль жолының 1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза тапқан. Ал бір адам ауруханаға жеткізілді.

Толық деректер анықталып жатыр.

Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!