Бүгінде Қызылорда облысында ахуал тұрақты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Террористік актіге қарсы операция жұмысы әлі де жалғасып жатыр. 5 қаңтардан бүгінге дейін 391 азамат полиция органдарына жеткізілді. Ал, 62 азамат уақытша қамау изоляторына қамалды. Төтенше режим талабын бұзған – 82 адам анықталды.

Блок-бекеттерден тәртіп бұзғандар жоқ.

Жансақтау бөлімінде жатқан азаматтар стационарға ауысуда.  5 қаңтардан бері 204 азамат медициналық көмекке жүгінсе, солардың 48-ы емханада ем алса, 9-ы жансақтау бөлімінде жатыр.

Барша Сыр елінің азаматтарынан тәртіпті сақтап, үйде болуға шақырамыз. Аса қажет жағдайда жеке куәліктеріңізбен шығуларыңызды сұраймын. Қиын кезеңнен бірлікпен шығайық. Біздің күшіміз бірлікте!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!