Фото: anatili.kazgazeta.kz

Қазір адамнан айла артылмайтын кез. Түрлі қылмыстарды ашу, қыл үстінде тұрған жәбірленушіге тап басып әділдігін жеткізу үшін білім мен білік керек. Уақыт өтіп, заман дамыған сайын да қылмыстарды жасырудың түрлі амалы шықты.

Шиелініс пен шатасқан оқиғалардың жігін тарқату үшін нақты ақпарат пен анық дәйек керек. Мол мағлұмат болғанның өзінде оқиғаны сараптай алу да әділ шешім шығаруға үлкен сеп. Осы тұрғыда сот сараптамасының атқарар рөлі зор. Ресми ашық дереккөздерде «Сот сараптамасы дегеніміз – әкім­шілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша нақты деректерді, мән-жайларды арнайы ғылыми білімді қолдана отырып анықтау. Сот сараптамасы сот өндірісіндегі зерттелетін оқиғалар мен мән-жайларды анықтау қызметі ретінде заңды нысан­да ғылыми жағдайларды жүзеге асыратын сот сараптамасының жалпы теориясы» деп көрсетеді.

Мың сан оқиғалардың, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың құбылуына байланысты да сот сараптамасының рөлі мен маңызы артып келеді. Осыған орай зерттеудің заманауи ғылыми-тех­никалық құралдары мен әдістерін сот өндірісіне енгізудің негізгі арнасы болып табылады.

Негізінен сот сараптамасы ұғымының қолда­ нысқа енгеніне ғасырға жуық уақыт болған. Десек те әр жылда әр түрлі заңнамалық өзгерістер еніп отырды. Сан алуан шешімдер қабылданды. Соның ішінде Қазақстан Республикасы 1997 жылы ТМД арасында алғашқылардың бірі болып «Сот сараптамасы туралы» заң қабылдағанын, ол маңызды саяси шешімді – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай сараптама жүйесіне бере отырып, қылмыстық қудалау органдарынан сот сараптамасын жүргізу функциясын алып тастауын көрсетеді. Бұл заңның қабылдануы сот сараптама органдарының бұрын болған жүйесінің жұмыс істеуіндегі елеулі кемшіліктерді жоя отырып, бір ведомство шеңберінде сот сараптамасын жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік берген болатын.

Осы орайда біліктілікті дамыту өте маңызды. Ол – өзекті және сараптама өндірісінің негізгі кепілі. Сондықтан, сарапшылар әрқашан ізденіс үстінде болуға тиіс. Әсіресе жаңа технологиямен жұмыс істейтін зерттеу салалары қосымша біліктілікті арттыруды талап етеді. Бүгінгі қо амның сот ісін жүргізу шеңберінде ғылымдағы, техника дағы, өнер дегі немесе жұмыстағы арнайы білім дерін қолдануға деген қажеттіліктері, қазір сот сарап тамасын дербес іс жүр­ гізу процесі ретінде қарастырады, ол өз нысаны бойын­ша азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын және бос тандықтарын, мемлекет мүддесін қорғау дың тетігін қалыптастырады.

Заң ғылымдарының кандидаты Сәкен Абдолла:

– Қазақстандық сот сараптамасы бүгінгі күн­ге тән міндеттерді, функциялар мен жүйені өз мін­ детіне алғанша өзінің қалыптасуының бірқатар кезеңінен өтті. Қазақстан Республикасында сот сараптамасының пайда болу, қалыптасу және дамуы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының тарихымен тығыз байланысты. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының сот сараптамасы та­рихы мәселесін қарау кезінде әртүрлі уақытта осы саланы нормативтік реттеудің аспектілерін зерделеу маңызды. Осылайша, Қазақстан Республикасының сот-сараптама жүйесі бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сарап­тамасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазы налық кәсіпорнымен ұсынылған.

Елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына, уақыт талабы бойынша құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауға, сондай-ақ ғылым мен техниканың әлемдік дамуына байланыстымқазақстандық заңнаманың өзгеруі, оның дамуы мен жетілдірілуі әбден заңды. Бұл өзгерістер қоғамдық қызметтің барлық саласына сөзсіз әсер етеді. Сот-сараптама қызметінің табиғаты оның тұрақты дамуы мен динамикасының қажеттілігін білдіреді. Осы бапта келтірілген сот сараптамасының даму тарихының белгілі бір кезеңдеріне градация шартты және зерттелетін саланың неғұрлым маңызды оқиғаларына негізделген. Заңнамалық реформалар кәсіби болуы тиіс, ал ғылыми зерттеу ісінде тарихи және салыстырмалы-құқықтық әдістерді қолдану ерекше орын алады, – деген еді.

Иә бұл ойдың жаны бар. Себебі сот-сараптама қызметінің табиғаты оның тұрақты дамуы мен динамикасын ұғындырады.

Осы орайда сот сарапшылары егеменді еліміздің заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға өз құзыреті шегінде атсалысып, өз міндеттерін тиісінше адал атқарып келе жатқанын атап өткім келеді.

Айта кету қажет, сот жүйесінде сараптама қыз­ метінің дамуы маңызды орын алады. Еліміздегі осы жүйеде сот-сараптамасының озық үлгіде жұмыс жасауына арналған ілкімді жобалар қолға алынып келеді.

Қылмыстың тез ашылуына әрі сотқа келген әр істің әділ шешілуіне бірден-бір әсер ететін саланың бірі – сот-сараптама қызметі. Адамның тағдыры шешілетін сот барысында сот-сараптамалық қызметтің әділ әрі тез жасалуы маңызды екені сөзсіз. Елімізде сот-сараптама қызметін бәсекеге қабілетті ету мақсатында жүйелі жобалар қолданылып келеді. Қазақстанда сот ісін жүргізуді, құқық қор­ ғау органдары жүйесін, сот сараптама қызметін реформалау мақсатында маңызды қадамдар жа­салуда. Сот жүйесінде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау алғашқы орында тұруы керек.

Қорытындылай келе, сот сараптамасы десек, телефильмдердегі «детективтердің» жұмысын жедел дететін, сауатты да логикалы зерттеулер жасайтын, тіпті демалып отырғанда да ой мен зерт теудің құшағында жүретін сот-экспертиза маманы көз алдыңа келеді. Сот-сараптамасы – әлем елдерінің барлығында өз орны бар, ғылыми негізге сүйенетін, үлкен жауапкершілікті талап ететін салмақты сала. Сараптаманың түрлері де көп. Мәселен, сот-экономикалық сараптама мен­ шікке қарсы, сыбайлас жемқорлық, экономика саласындағы қылмыстар, сондай-ақ коммерциялық және басқа ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы жасалған жайттарды ашуда кеңінен қолданы­ лады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашу да зерттеуді қажет ететін айғақты заттың бірі – құ­жаттар. Құжаттар қылмыс оқиғасының құнды ақпарат көзі болып табылады. Нақты мәліметтерге «фото тех никалық, бейнефонографиялық» сарапта­ малар сот-техникалық зерттеу деп аталады. Мұнда сарапшы құжаттың дайындалу тәсілін, оны өзгерту фактісі мен әдісін, көзге көрінбейтін және нашар көрінетін реквизиттер мазмұнын, құжаттың бас­ тапқы түрін анықтайды.

Сот сараптамасын құқық қорғау органдары: ҰҚК, сот, прокуратура, кеден, әділет саласы маманда­ иры, сонымен бірге облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің сарап тама жүргізуді жүктейтін қаулысына сәйкес, істің нәтижесіне мүдделі емес, арнаулы ғылыми білім-білігі бар сот сарапшысы жүргізеді. Сот сараптамасын тағайын­ дауға тергеушінің қаулысы немесе соттың ұйға рымы негіз болып қала бертіні сөзсіз.

Лаура ӘЛІБЕКОВА,
Қызылорда қалалық сотының судьясы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!