Фото: Ақмола облысы білім басқармасы

Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Әлима Сейсен облыс орталығының тілдік портретін зерттеді. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлады.

Ақмола облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тоғызыншы сынып оқушысы аталмыш жобамен өзінің мұғалімінің жетекшілігімен айналысқан.

Әрбір елді мекен кәсіпорындар мен дүкендердің атауларымен сипатталады. Фирмалар мен дүкендердің мұндай атаулары эмпороним саналады.

«Жұмыс идеясы Көкшетау қаласының тілдік портреті, дүкен атауларының рөлі туралы пайымдаудан кейін пайда болды. Өйткені бұл атаулар сатып алушылардың назарын аударатын қаланың бет-бейнесі болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде Көкшетау қаласындағы 333 азық-түлік дүкені алынды», – дейді жоба жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көгершін Жетпісбаева.

Ал, оқушының сөзінше, осы тақырыпты зерделеу барысында адамдардың есімдері мен тегі көбінесе эмпороним рөлінде болатынына назар аударылды. Осылайша, кәсіпкерлер өз дүкенін атаған адамға деген көзқарастары мен сүйіспеншіліктерін көрсетеді. «Атаулы эмпоронимдер» тобына кіретін 134 атау анықталды. Шындығында, дүкен иелері көбінесе бұл әдісті пайдаланатындары белгілі болды. Алайда, мұндай атаулар сатып алушылар үшін өте ыңғайсыз, өйткені дүкен туралы, онда не сатылатыны туралы да ақпарат бермейді. Қазіргі заманға ұмтылу үшін иелері ағылшын атауларын пайдаланады, олар да ыңғайсыз, өйткені барлық адамдар ағылшын тілін білмейді. Мұндай атауларды түсіну және оқу қиын, және көбінесе олар сатып алушыға ақпарат бермейтін жарнамалық функцияны орындайды.

«Қала тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде «Small» дүкенінен басқа ағылшын атаулары анықталған жоқ. Сонымен қатар бұл әдіс тиімсіз екенін көрсетеді. Кәсіпкерлерді белгілі бір критерийлер бойынша дүкендерді атауға міндеттейтін заң жоқ, бірақ интернеттегі әртүрлі мамандар мен сарапшылар қысқа атауларды таңдауға кеңес береді. Қысқа атауларды есте сақтау оңай және олар клиентті артық ақпаратпен ауырлатпайды», – деп түсіндірді Әлима Сейсен.

Білім басқармасынан атап өткендей, осыған дейін Көкшетау қаласының азық-түлік дүкендерінің атауларын ешкім зерттемеген және бұл салада ешқандай қорытынды тұжырым жасалмаған. Сондықтан Әлима облыс орталығын осы салада зерттеген алғашқы адам. Ол өзінің өзінің зерттеу жобасын ғылыми жұмыстар бойынша байқауға ұсынып, облыстық кезеңде жүлделі екінші орын алды.

Еске салайық, бұдан бұрын Ақмола облысында 242 түлек «Алтын белгіге» үміткер. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!