Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басты мақсатының бірі – мекемелеріндегі жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту. Осы мақсатта мекеменің өндірстік аймағына жеке кәсіпкерлерді тарту, жаңа жұмыс көздерін ашу бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр. ҚАЖ департаментінің №37 мекемесі (қауіпсіздігі барынша төмен) сотталғандарды қала ішіндегі жеке кәсіпкерлерге жұмысқа орналастырған. Олардың бірін маусымдық жұмысқа орналастырса, енді бірі тігін цехында, кілем жуу, машина жөндеу, ағаш цехтарында жұмыс жасауда. Кілем жуу орталығында жұмыс жасайтын сотталғанның жұмыс орнына барып сотталғаннан сұхбат алдық. Кілем жуу аппаратын бір кісідей меңгеріп алған Айбек жол көлік апатын жасап, сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айырылған.
Жаңа технологиялық кілем жуу аппараттарымен және арнайы кілем жуатын сусабындар пайдаланамыз.Кілемді шаңнан тазалап, 3-4 сағатта тап –таза қып жуып береміз. Айлығымыз да уақытылы беріледі. Отбасыма қаржылай көмек беріп, өзімнің де дамуыма жағдай жасап жатырмын. Тұтынушы талабына сай кей кезде екі есе жасауға тура келеді. Ең бастысы қолымнан келген жұмысты жасап жатқаныма ризамын, Шынымен де, бақуат тұрмыстың кілті – еңбекте. Ал данышпан Абай атамыз айтқандай еңбек қылсаң, қара жер де құр тастамайды дегендей, еңбек ете білген адамға барлық мүмкіндік бар, – деді Айбек.

  • Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Жеке кәсіпкерлерді тарту мақсатында қаламыздағы жеке кәсіпкерлерге ашық есік күндері, семинар-кеңестер өткізіліп тұрады. Нәтижесінде қала ішіндегі 30 кәсіпкерде 130 дан астам сотталған жұмыспен қамтылған, – деді өз сөзінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты Е. Шамет.

    • Адина Ұзақбай
      Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!