Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиялық бағдарламалардан және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардан туындаған талаптарды басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстарды басты назарға алып, оны болдырмауға бағытталған шаралардың ұдайы ұйымдастырылып отыруын қамтамасыз ету Біз үшін басты шарт болып табылады.
Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс.
Сондықтан да жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып табылғандықтан, бұл бағытты тыс қалдыра алмаймыз.
Әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық теріс қылықтары, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауын болдырмау, халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер ұсыну, халықтың мемлекетке және мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін күшейтуге бағытталған.
Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды көрінісі.
Бүгінгі күні елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында» мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан.
Азаматтар мемлекеттік қызметті үйінен шықпай-ақ қол жеткізе алу – ол электронды қызметке ие болуының қолайлылығын білдіреді және қызмет алушы мен қызмет берушінің арасындағы байланыс болмаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қояды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды шараларының бірі – құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейін арттыру.Сондықтан, құқықтық насихаттауға жұмылдыру және аталған жұмыстың пәрменділігін арттыру мақсатында құқықтық және қызмет барысында туындаған қажеттіліктерге сәйкес тақырыптар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдардың негізгі функциялары туралы мақалалар жарияланып, телеарналар мен радио толқындарында түсіндірме – сұхбаттар, аудан, қала, ауыл тұрғындармен кездесулер ұйымдастыруда.
Қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.
Ительгиева Нуржамал Алтынбековна,
Қызылорда облысының әділет департаментінің
әкімшілік-құқықтық бөлімініңбас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!