Бикеш
Жылдың алғашқы жартысында жақындар мен бауырлардың қолдауына зәру боласыз. Көптің ішінен алға суырылуға ұмтылысыңыз, жақсы нәтиже береді. Армандардың орындалуына ден қойған болсаңыз, оларды мүмкіндіктермен салыстырып көрген абзал. Ұжымдық бірлескен істерде көріну үшін, алға айқын мақсат қоюға ұмтылыңыз. Жылдың соңына қарай психолог мамандардың көмегіне жүгінсеңіз, мазалап жүрген мәселелерге оңтайлы шешім қабылдайсыз. Таланттылығыңызға күмәніңіз болмасын. Ойға келген идеялар мен ұсыныстарды ортаға салудан қорықпаңыз. Жоспарыңыз сәтті жүзеге асады. Бикеш әр істен пайда көретін қасиетке ие. Сондықтан сиыр жылында мол табыс күтіп тұр. Іскерлік қызметте өсу бар. Тек табандылық пен төзімділік таныта біліңіз. Бағытын дұрыс жолға қойғандар жетістікке жетеді.
Махаббат
Қаңтар мен сәуір аралығында жүрегіңізді жаулап алатын адамды кездестіруіңіз мүмкін. Алайда жүрегіңізді жаулаған жанды асыра дәріптеудің қажеті жоқ. Оның артық тұстарымен қоса, кемшілігін де қабылдауға тырысыңыз. Үйленуді жоспарлап жүрген жандар үшін қаңтар айының басымен 10 маусым аралығы қолайлы мезгіл болмақ. Екінші жартыжылдықта ескі танысыңыз сезім білдіруі мүмкін. Одан келіп-кетер ешқандай пайда болмайды. Сондықтан оған мән бермеген дұрыс. 2021 жылы көңіліңізден шығатын жанды кездестуге мол мүмкіндік бар. Тағдырыңыз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Дұрыс таңдау жасаңыз. Жұбайыңызбен қарым-қатынаста келісім мен бірлік болу үшін жарыңыздың да пікіріне құлақ асыңыз. Ортақ мәселелерді талқылауда сіздің пікіріңіз қаншалықты маңызды болса, оның да көзқарасы соншалықты қажет. Жылдың соңына қарай отбасылық бюджеттегі қаражат көбейеді. Үйдің жөндеу жұмыстарына қазан айы ыңғайлы.
Қаржы
Бикеш белгісінде туғандар қызметтегі ептілік пен шабытының арқасында материалдық жағдайын біршама жақсартады. Қаржы қалтада жұмсалу үшін пайда болады деген ой түйіңіз де, әрбір кеткен тиынның ізінен өкініш айтпаңыз. Бірінші жартыжылдықта іс-сапарлар заттай табыспен қоса, мол тәжірибе жинақтауға себеп болады. Сәуір айында лоторея мен акцияларға қатысып, табысыңыз еселенеді. Ұтыс сіздің жақтан көрінеді. Жаз айында тиянақты еңбегіңіз үшін қосымша сыйақы аласыз. Маусым айында жұмысбастылардың қызметте тапсырмасы шаш етектен болуы мүмкін. Қағаздармен жұмыс, келіссөздер шаршатып жібереді. Күз айларында қызмет бірқалыпты күйге қайта енеді. Ал қысқа қарай тәуір жұмысқа өзіңізді ұсынып көруге болады. Қыстыгүні мүмкіндігіңіз шектеусіз.
Денсаулық
Алғашқы екі айда өмірлік ұстанымына көңілі толмай, әлсіздікке бой алдырады. Бұл уақытта тұмау мен суық тию секілді ауру мазалайды. Жұлдыздар көбірек демалып, саламатты өмір салтын сақтануға кеңес береді. Әрдайым иммунитет көтеру арқылы, қажыр-қайратыңызды жоғалтпай, маңызды шаруаны жасай аласыз. Жыл соңы асқазан-ішек жолдарында дерті бар жандарды мазалауы мүмкін. Бикештерге экзотикалық асхананың тамақтары жақпауы мүмкін.

Аударған: Айгүл ӘЛІШЕРОВА