Мерген

         Жаңа жылда мерген белгісіндегілердің өмірінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын түрлі өзгеріс болады. Жұлдыздардың ізденіп, жақсылыққа ұмтылғандарға керемет марапаты бар. Жылдың екінші жартысы жаңа бастамалар, шығармашылық жетістіктер мен кәсіби ізденістерге толы болады. Жақын жандармен арадағы жылы әңгімелер үй ішіне ырыс-береке кіргізіп, бақытқа жетелейді. Махаббаттағы жылулық пен шығармашылық табыстар жыл бойы сіздің жағыңызда болады. Мамыр айында шетелге шығу туралы ұсыныс түссе, қарсылық білдірмеңіз. Бұл сапар сіздің алдағы өміріңізге оң әсерін тигізеді. Көктем мезгілінде нәзік сезім мен бақыттан басыңыз айналып, жігерлене түсесіз. Бұл жігер қызметіңізге пайдасын тигізеді. Қыркүйек айында ұсақ-түйек қиындықтардың әсерінен аздап күйзеліске түсуі мүмкін. Бірақ қайсарлығыңыз бен табанды мінезіңіз сізді жерге қаратпайды.

         Махаббат

Махаббаттағы жылулық пен шығармашылық табыстар жыл бойы сіздің жағыңызда болады. Көктем өмірлік серігіңізді кездестіріп, отбасын құруға ыңғайлы уақыт. Ал қыз-жігіт боп жүргендер үшін тұрақсыздықтың желі есіп, қарым-қатынаста береке болмауы мүмкін. Алайда болмашы сезімге алданып, уақытша бақыттың бесігінде тербелуден сақтаныңыз. Ал отбасылылар үшін үй жағдайындағы келеңсіздіктер дау-дамайға ұласады. Асығыс шешім шығарудан аулақ болыңыз. Сабырлы қалпыңыздан таймасаңыз, көп өтпей-ақ бәрі өз қалпына келеді. Күз мезгілі отбасылы жандарға жаңа қуаныш пен жақсы жаңалық сыйлайды.

         Қаржы

         Өмірде дәлдік пен әділдікті жаны сүйетін мерген белгісінде туғандар Сиыр жылында өз міндетінен айнымай, жұмысты үлкен жауапкершілікпен тыңғылықты атқарады. Қызметте жинақтаған озық тәжірибенің арқасында мақтау марапатқа ие болады. Қаржы мәселесі бірқалыпты. Қымбат дүниелерді сатып алуға жаз мезгілі қолайлы. Отбасылық бизнеспен айналысып жүргендер қазан айында мол табысқа кенеледі. Ал жұп болып табыс тауып жүргендер сәтсіздік пен шиеленіске тап болуы мүмкін. Білікті мамандардан кеңес сұраудан қысылмаңыз. Жылдың соңына қарай жалақыңыз артады.

Денсаулық

         Мергендер денсаулығына бей-жай қарайтындардың қатарынан емес. Тек қуатыңыз біткенше еңбектенуден аулақ болыңыз. Тамақтану уақытын тұрақты еткен жөн. Себебі асқазан қызметі нашарлауы мүмкін. Жаздың аптап ыстығында ұшынудан сақтаныңыз. Қараша мен желтоқсан айы эмоционалды тұрғыдан ауыр жүк болуы мүмкін. Соның әсерінен шаршау мен ұйқысыздыққа тап боласыз. Жүйке жүйеңізге көбірек салмақ салудан аулақ болыңыз. Уақытылы демалыс артық етпейді.

Аударған Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!