Сарышаян

Сиыр жылы Табысты жыл болады. Бұрыннан ойда жүрген жоспарлар іске асырылады. Құлшыныс мен тапқырлық кез келген бастамада табысқа кенелтеді. Сонымен қатар сырттан келетін қолдауға да назар аударыңыз. Күн тәртібін дұрыс жоспарлауды әдетке айналдырыңыз. Жыл ортасында қызметіңіз жоғарылап, жаңа белесті бағындырасыз. Ақпан айында барлық жоспар орындалып, биік белестерді бағындыру мүмкіншілігі артады. Жұмыс кестесіндегі бұрынғы жайсыздықтарды шешуге әбден болады. Маусым айының басы мен тамыз айында жұмысқа ерекше ден қою керек. Әр шешім шығарарда ұсақ-түйек жіті бақылаудан өткізіңіз. Қызмет саласында қырағылық пен аса сақтық танытқан дұрыс. Егер өсу болып жатса, керітартпалықтан сақтаныңыз.

Махаббат

Қаңтар мен наурыз айлары аралығында сүйіктіңізбен жақсы қарым-қатынас орнайды. Сізге қызуқандылығыңызды тежеуге кеңес беріледі. Сыңарыңызды шошытып не болмашы нәрселерге ренжітіп алуыңыз мүмкін. Бұл аралықтағы жеке өміріңіздің сәтті қалыптасуы көңіл күйіңіздің көтеріңкі болуына да жол ашады. Ақпан айында қаржы мәселесіндегі қолайсыздықтар жеке өміріңізге әсер етеді. Дегенмен үмітіңізді үзбеңіз. Сәуір айында нағыз ынтық сезімді бастан кешесіз. Жұбыңызға шынайы сүйіспеншілігіңізді дәлелдей аласыз. Күз мезгілінде отбасыңызбен бірге болыңыз.

Денсаулық

Сиыр жылында қалжырау, шаршау, ұйқысыздық шаршатуы мүмкін. Бұл күн тәртібін дұрыс жоспарламаудан және ағзаға қажетті дәрумендер жетіспеушілігінен туындайды. Жұмыс бастылар тез арада демалысқа мән бермесе, денсаулыққа жүк түсіруі мүмкін. Көктем ортасына қарай күштің сарқылуы сезіліп, жұмысқа деген қабілетіңіз құлдырайды. Күз мезгілі бір сарынды өтеді.

Қаржы

Сиыр жылы Сарышаян белгісіндегілердің қызметтік мансабы қызықты өтеді. Өйткені бұл белгіде туғандар өте еңбекқор келеді. Сондықтан жыл табысты болады. Бірақ арқаны кеңге салмай, кіріс пен шығыс дәптеріне мұқият болып, несие алудан сақтанған дұрыс. Қыркүйек айы кәсіпкерлерге керемет уақыт. Астрология ақша жағына аса сақтықпен қарауды ұсынады.

Аударған Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!