Әлем – жұмбақ дүниелерден құралған. Ғалымдардың жер туралы да, ғарыш кеңістігіне қатысты ашқан ғылыми жаңалықтары да аз емес.

Ғаламды миллиондаған атом құрайды. Галактика, жарқыраған жұлдыз және планета. Сондай-ақ ғалам үдемелі түрде кеңейіп, өз аумағын шексіз де шетсіз етуін жалғастыруда. Әлі өз шешімін таппаған теория көп. Олар тереңінен зерттелмей, әлі ашылмаған сандық іспеттес жабулы күйінде қалуда. Бұл мақаламызда ғылым саласындағы қызықты ашылуларды талқылайтын боламыз.

Электромагнитті сәулелену. Танымал фантастикалық фильмдердің көбінде электромагниттік сәулелену – кейіпкерлердің жанын алатын, супер қаһармандарға айналдыратын немесе оларды уақытты ауыстыра алатын, болашаққа не болмаса өткен уақытқа қайта алатын жұмбақ күш ретінде көрсетеді. Мұның шын мәні неде?

ЭМС – бұл фотондардың, жарықты құрайтын элементар бөлшектердің ағындары. Фотондардың толқын ұзындығы мен жиілігі айтарлықтай өзгереді, сол себепті ғалымдар фотондарды жеке электромагниттік диапазондар бойынша жіктеуі қажет болады.

Адамның көзі электромагниттік спектрдің өте аз бөлігін ғана көре алады. Бұл – көрінетін сәулелену немесе оптикалық диапазон деп аталады. ЭМС-тің көп бөлігі бізге көрінбейді. Бұған, мысал ретінде, радиотолқындар, рентген сәулелері, инфрақызыл сәулелерді жатқыза аламыз.

Жарық жылы. Астрофизикада жарық жылы – жарықтың вакуумдағы кедергісіз жолдың бір жылда өтетін қашықтығы. Жарықтың абсолютті жылдамдығы, яғни вакуумдағы электромагниттік толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты болғандықтан, жарық жылы шамамен 9,46 триллион шақырым болатынын есептеу қиын емес.

Түсінікті болу үшін: күн сәулесі жер бетіне 8 жарық минутта, 20 жарық секундта жетеді, ал бізге ең жақын жұлдыз – Альфа Кентавриге дейінгі қашықтық 4,37 жарық жылы. Егер біз жер бетінен айға сәулесі қатты жарық жағатын болсақ, ол 1,24 жарық секундтан кейін ғана айға жетеді. Ал Марсқа дейін жердің бетінен жағылған сәуле 3 жарық минуты, 28 жарық секундында жетеді.

Қараңғы энергия. Қазіргі заманның космологиялық теорияларына сәйкес, біздің ғалам барлық бақыланатын объектілерді құрайтын 5% бариондық материядан, 25% ауырлық күші арқылы жазылған қараңғы материяның және жалпы көлемі 70%-ды құрайтын қараңғы энергиядан тұрады.

Бұл ұғым Эйнштейннің «қателік» деп есептеген теориялық зерттеулерінің нәтижесінде пайда болды. Ол теориялық зерттеулердің нәтижелері қажетті нәтижеге сәйкес келуі үшін теңдеулеріне қосымша константа енгізді. Кейіннен ол нәтижесіз қадамынан ұялып, оны өміріндегі ең үлкен қателік деп санады. Уақыт өте келе, бұл сала дамып, біршама жетілген астрофизикалық деректерді ала бастадық. Ғалымдар физикаға «қараңғы энергия» ұғымын енгізді. Ол – белгісіз күш, бұл ғаламды үдемелі түрде кеңейтуге мәжбүр етеді, сондай-ақ өзінің қасиеттерінің арқасында «жалған» Эйн- штейн константасымен сипатталады.

Қара энергияның қандай екендігі туралы консенсус әлі жоқ. Алайда көптеген ғалым бұл бүкіл әлемде біркелкі таралып отыратын, өзгермейтін энергия тығыздығы деп ойлайды.

Қараңғы энергия ауырлық күшінен басқа қарапайым заттармен мүлде әрекеттеспейді. Сондай-ақ бүкіл бақыланатын ғаламның шамамен 68,3%-ын құрайды. Бұл материяның немесе энергияның басқа түрлеріне қарағанда әлдеқайда көп.

Әлем әлі тереңінен талдау мен анықтауларды қажет етеді. 2023 жылдың нәтижесі бойынша ғарыш небәрі 5%-ға зерттелеген. Жердің бетін түгел зерделеп болмадық. Десек те гравитация- сыз кеңістік туралы пайымдаулар да өз ретінде әлем ғылымының жетілуіне өз үлесін қоса бермек.

Қорлан САРЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!