Осыған дейін 100-ден астам киіз үй орнатылған.
Қазақстаннан Түркияға тағы киіз үй жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
“Қазір Кахраманмараш қаласында Қазақстан мен Қырғызстанның еріктілері жіберген киіз үйлер орнатылды. Сондай-ақ, Алматыдан 100-ге жуық киіз үй жөнелту жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Бұл біздің елшілік арқылы өтетін адамдар ғана. Мүмкін, өзге адамдар жіберетін басқа киіз үйлер бар шығар. Себебі, бұл жұмысты барлығы өз еркімен жасап жатыр»,- деді Уфук Екиджи.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды.
8 ақпанда Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды.
14 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жолдауды тапсырды.
15 ақпанда киім-кешек (қыстық киім мен шалбар), шатырлар, темір кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын басқа да қажетті заттар жіберілетіні белгілі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!