SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Луина Қырғыз Республикасының мемлекеттік марапатына ие болды. Өнер иесіне «Қырғыз Республикасының мәдениет үздігі» атағы Бішкекте өткен ұлы ақын Жуммамудун Шералиевтің 110 жылдығына арналған концерт барысында табысталды.

Әнші бұл жаңалықты жеке парақшасында бөлісіп, марапатты зор құрмет әрі жауапкершілік деп атады. Оның сөзінше, бұл концерт — өнер ғана емес, бауырлас халықтар арасындағы рухани байланыс пен өзара құрметтің көрінісі болған.

Луина Қырғызстанмен бұрыннан мәдени байланыста. Әнші қырғыз өнерпаздарымен бірнеше ортақ жоба жасап, аймақтық фестивальдерге қатысып келеді. Оның айтуынша, бұл елдің мәдениеті мен халқының пейілі әрдайым шабыт сыйлайды.

Концерт соңында Луинаға ақын Шералиевтің отбасы мен қоры атынан арнайы естелік медаль берілді. Әнші бұл сәтті өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі деп атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!