Блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен арыз түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фариза Алмасқызы әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің сұрауы бойынша іске қатысты ақпаратты жария етті.

“Бүгінде Жақсыген Н. үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды 2 баппен. ҚР ҚК 115 – 1 бап және ҚР ҚК 274 бап 2 бөлігі, 3 тармағы бойынша із қозғалды. Біз адвокатым екеуміз бұл істер бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады!” – деп жазды ол.

Қылмыстық кодекстің 115-1 бабы –  “Сталкинг” (аңду немесе ізіне түсу) бойынша 50 тәулікке қамалуы жазасы, ал 274-бап 2-бөлігі, 3-тармағы, яғни “Көрінеу жалған ақпарат тарату” қылмысы үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы көзделген.

Әзірге құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!