Актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Рахман отбасы құндылықтары жайлы фильм түсіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Сценарий жазылды. Оны басқа мамандар тексеріп жатыр. «Алданған жүрек» деген атауды халық өзі тауып берген. Киноның локациялары таңдалып, актерларға кастинг жариялаймыз. Бұл фильм отбасы құндылықтары жайлы болмақ», – деді Дархан Рахман.
Ол фильмнің саундрегін әзірлеп қойғанын айтты.
«Сөзі мен әні менің өміріме жақын. Жанар қарындасымыздың атағын да бір шығарғым келді. Өмірдің өзі өкініштен тұрады. 16 жыл бойы сеніп келесің, жоспарыңды барлығын осы уақытқа кіріктіресің. Алайда оның барлығы күл-талқан болса, кім ренжімейді. Дариға маған рақмет айтсын, халық бір аптада миллиард жинап берді. «Ыстық ұя» тұрмақ, соңғы 1,4 жыл кино көрмедім. Тойға да, фильм түсіріліміне де шыға алмадым. Ұялдым. Олардан кешірім күттім. Экс-ханым видео үндеу арқылы «мен осылай істедім» деп мойындауы керек. Олай жасамаса, қаңқ еткізіп шындықты өзім айтамын», – дейді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
