SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер Елдос Колобок пен жұбайы Таңшолпан алғаш рет ата-ана атанды. Бұл қуанышты жаңалықты жұп әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

“Аллаға шүкір! Сүйінші! Біз ата-ана болдық, ағайын! Қош келдің, ұлым. 12.11.2025”, – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары танымал жұпты ата-ана болғанына байланысты жылы құттықтап, тілектерін білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін жұп gender party ұйымдастырып, қуанышты хабарды алдын ала бөліскен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!