Желіде әнші Yenlik пен айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың арасында дау туды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жандарбек Бұлғақов әлеуметтік желіде Yenlik орындайтын BIPL әннің мәтініне қатысты сын пікірін жазған. 

«Қарындасым, бағың жанып, бақытың ашылсын. Орындаушылығың мен даусыңа басқа кәсіби мамандар пікір айтар. Бірақ дәл мына мәтіннің мағынасы жоқ. Мен оны сөз түсінетін қазақ ретінде айтып отырмын. Өнерге келген екенсің елдің асыра мақтауына да, жігеріңді жаныған сыни пікіріне де дайын бол. Ішіміз ашығаннан емес, тілге жанымыз ашығаннан сөйлейміз», – деп жазған айтыскер.

Айтыскердің бұл жазбасын ауыр қабылдаған әнші қарамта жауап қатты. 

«Өтірік тілек жазбай-ақ қойыңызшы. Менің шығармашылығымды толық қарап шыққан болсаңыз, бұлай бір әніме қадалып қалмайтын едіңіз. Сыныңызды мысқылдап, келеке қылмай-ақ осылай бастасаңыз да болар еді. Мен сіздің айтыстарыңызды көріп, шығармашылығыңызды сыйлайтынмын. Бүйтіп жаныңыз ашымай-ақ қойсыншы», – деп жауап қайтарды Yenlik.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!