Актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде «аяғы ауыр» суретін жариялады. Желі қолданушылары Жанар Айжанованың суретін қызу талқыға салуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Есікті аша алдым. Себебі, кілті менде», – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында.

желі қолданушылары актрисаның бұл суретіне түрлі пікір білдірді.

«Гендер-пати қашан?», «Қанша айлық?», «Қызды боласыз», «Өте әдемі жарасады екен», «Құттықтаймын», – деп жазған желі қолданушылары. Желідегілер арасында Адайбекованың бұл жаңа фильмдегі рөлі екенін түсініп үлгергендер де бар. «Киноға түсіп жатыр ғой», «Сәбидің кім екенін кинода көреміз», – деп жазды актрисаның оқырмандарының кейбірі.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы некесінен бір ұл тәрбиелеп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!