Қазақ халқының белгілі әншісі, халық әртісі Мақпал Жүнісова 8 наурызда әйелдер мерекесіне орай Алматыда концерт өткізді. Сол концертінде әнші жансақтау бөлімінен шыққанына 1 айдай болғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әнші өзін құттықтап гүл сыйлап жатқан елдің алғысын алып тұрып, инфаркт алғанын айтты. 

«Жансақтау бөліміне түсіп қалдым. Инфаркт деген бәле бар екен ғой. Сонымен біз де жақындап қалдық қой деймін. «Осындай әртістеріңіз болсын» деген шығар. Аллаға шүкір, рахмет айтамыз. Туысқандардың бәрі жылап… «Жыламаңдар» дедім. Кімнен жанымыз артық? Талай асылдар кетіп жатыр. Кетсем кетермін, не болыпты? », — деді Мақпал Жүнісова көрермендерінен гүл алып жатқанда. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!