Әнші Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында продюсер Мөлдір Мұқанованың фильмі туралы пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі Мөлдір Мұқанованың фильмін көріп, жоғары баға берді. Сонымен қатар көпшілікті отандық киноны қолдауға шақырды.

«Кеше Мөлдір ханымның ең алғашқы фильмін көріп, құтты болсын айтып, ақ тілегімізді арнап қайттық. Тұрсынбекті дара дарын ретінде өте құрметтеймін. Мөлдір болса – өзімнің туған қарындасымдай болып кеткен жан. Қай кезде барсақ та, ақ дастарханын жайып, кең жүрегімен аппақ ниетін төгіп тұратын осындай қарындасты қалай жақсы көрмейсің?.. Фильмді тамашаладық. Мөлдірдің тырнақалды туындысы өте сәтті шыққан. Кейіпкерлердің қалағаны орындалып, фильм жылы әсермен, көңілге қонымды, өкінішсіз аяқталады. Құрметті оқырман, отандық киноны қолдайық! Аллаға шүкір, өз киноиндустриямыз жыл өткен сайын дамып, өркендеп келеді. Аллаға сансыз мадақ болсын!» – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!