SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртас пен оның жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова Мальдив аралдарындағы демалыс кезінде үлкен қыздары Сезімнің 18 жасқа толуын атап өтті.

Мерекелік сәттер Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram желісіндегі стористерінде жарияланды. Айтулы күнге орай жағажайда мерекелік дастархан жайылып, отбасының барлық мүшесі — Қайрат Нұртас, жұбайы және бес баласы түгел жиналған.

Әнші туған күн иесіне арнап жүрекжарды лебізін білдіріп, Сезімнің ата-ана болудың мәнін алғаш сездірген бала екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ дәстүрлі «Happy Birthday to You» әні шырқалып, Сезім туған күн тортындағы шырақтарды үрледі.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, мереке толықтай қыздарының қалауымен өткен. Бұған дейін Қайрат Нұртас Мальдивтен видео жариялап, демалыста жүргенін айтқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!