Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші келінін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнерлі отбасының кенже ұлы екінші мәрте шаңырақ көтерген еді. Продюсердің өзі жақында Вьетнам елінен демалыстан оралды.
“Келінім әбден сағынып қалыпты. Заңғарымның “Еркетай” дейтініндей бар екен. Еркелігі өз ретімен. Алла бақ берсін. “Қызымдай болшы” деп айтуға қорқамын. Бірақ жүрегім осылай тілеп тұрады”, – деп жазды шоу-бизнес өкілі.
Сонымен қатар продюсер кенже ұлы және келінімен тауға шыққанын айтып мақтанды. Алайда желі қолданушылары “жастардың оңаша қыдыруына мүмкіндік беріңіз” деп сынап тастады.
“Неге осы менің өз балаларымның қасында жүргенімді қызғанасыздар екен, қызық?!. Сіз анаңыздың жанында мәңгі жүрмейсіз ғой, бір күндері арман болады деп ойламайсыз ба? Екеуі қыдырса айлап, апталап жанында болмаймын да ғой. Той өтісімен 1 ай бойы Таиланд, Шанхайдан бастап сол Қытай еліндегі қаншама жерлерді аралап келді. Олар келер алдында мен Америкада Майами, Чикаго, Нью-Йоркта 2 апта болып қайттым. Сол уақыттардың бәрінде екеуі күні-түні қалай қыдырамын десе де араларында жүрген жоқпын. Қайратты азғырушылар аз болмап еді. “Мамасы қасында” деп әлі күнге дейін жазып әлексіздер. Енді Заңғардан қызғана бастадыңыздар! Жердің астына кіріп жат демесеңіздер, менің жанұямда не шатақтарыңыз бар? Екеуі мені қыдыртамыз деп неше уақыттан бері күтіп жүрді. Бүгін қуанып, өздері әрең алып шықты. Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскіленбей өз әлеміңізде өмір сүргеніңіз жөн-ау. Анаңнан аулақ болып, жаныңа жолатпа”, – деп продюсер оқырманын сөгіп тастады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!