Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, әнші Қайрат Нұртас туралы қызық оқиғаны айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, Қайрат Нұртас өзінен көмек сұраған адамға несие алып берген жағдайлар жиі болады.

«Көбі Қайраттың да кредиті бар ма деп күледі. Бұл қайдан шықты? Несиені өзіне алмайды ол. Мысалы, ұшақтан түскеннен кейін алдынан біреу шығып, «Қайрат балам, мына затты сатып аласың ба? Несие төлеуім керек еді» депті. Қайрат «Несиеңіз қанша?» деп сұраған. Сөйтсе 1 млн 600 мыңдай екен. Бірақ ол қолындағы затын 200 мыңға ал деп тұр. Сөйтсе қалтасында артық ақша жоқ. Өйткені Қайраттың ақшасы ИП-ға түседі. Сонда кредит алады да, ана кісіге ақшаны аударып жібереді. Оны қайдан естіп алатынын білмеймін, Қайрат Нұртастың да кредиті бар екен деп шулады», – деді Гүлзира Айдарбекова «Шәйдің қыздары» подкастында.

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі әншінің әрекетін қолдаса, енді бірі ақшасын анасын ұстайды деп болжаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!