Kezdesu-дің кезекті қонағы – әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов. Ол БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған сұрақтарға ашық жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, екі жыл бұрын басына іс түскенде көзіне жас алған.

«Басымда кредит, көлік мәселесі бар, әлеуметтік желіде шулап кеткен жағымсыз ақпараттар бар – бәрі қатар-қатар болып кетті. Сол кезде көңілім түсіп, жылағаным бар», – деді ол.

Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде Олжас Еспанов «Қайрат»-«Реал» матчіне билет сатып жатқаны туралы да даулы ақпарат тарады.

«Бір шетінен хайп болды. Ол кезде билетті кім көрінгеннің бәрі салып кетті. Белсенділікті көтеру мақсатында болды. Екіншіден, билет сатып жүрген құрбым бар еді. Қолдау көрсету мақсатында прайсты скрин жасадым да, stories-ке салдым. Ертесі «Нұрлан Еспановтың баласы 500 мың теңгеге билет сатып жатыр» деген (ақпарат тарап кетті – еск.). Шынайы ақпарат болуы керек қой. Менен біреу билет алды ма? «Олжастан билет алдым, стадионның алдында кіре алмай қалдым» деген шағым түссе, айтамын. …Мен өзім де барған жоқпын, футболға қызықпаймын», – деді ол.

Оның қыздарға «интим» хаттар жазғаны рас па? Олжас Еспанов былай деп жауап берді:

«Жаңағы қызды мүлдем танымаймын. Оны сол кезде де айтып өттім. Ондай қыз жоқ, әлеуметтік желіде де ондай қыз жоқ. Болса мен танимын. …TikTok-та хат алмасқан видеоны салған күні 1 млн қаралым жинады. Бірақ менде ондай хаттар жоқ. Болса менде тұрады, өйткені ештеңе өшірмеймін. …Көбіне фотошоппен істеп, жағымсыз хаттарды халыққа жария еткені бар. Атақ-абырой болсын, жұмысқа болсын осы нәрсенің көп зияны тиді».

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!