фото: Halyq Uni

Қазақстанда 32,5 млн тонна жемшөп дайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы өңірлерде жемшөптің егіс алқабы 3,2 млн гектардан асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте, егістікке орналастырылған жемшөп үлесі 13%-дан 14%-ға дейін ұлғайды.

Биылға 24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық жоспар – 36,7 млн тонна), 1,7 млн тонна пішен, 4,6 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған, – деп қосты ведомство.

2024 жылғы 6 қыркүйекте 28,2 млн тонна шөп дайындалды. Бұл бір жарым жылдық жоспардың 76,8% құрайды. Жылдық жоспардан 1,7 млн тонна пішен немесе 103,7%, 1 млн тоннадан астам жем, 657,5 мың тонна сүрлем және 1,5 млн тонна сабан жиналды.

Жалпы, өңірлерде жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!