Молдова билігі әзілкеш Нұрлан Сабуровты ел аумағында концерттер ұйымдастыруға және мәдени іс-шараларға қатысуға ресми түрде ұсынылмайтын әртістердің арнайы тізіміне қосты. Сабуровпен бірге бұл тізімге Баста, Леонид Агутин, Игорь Николаев, Диана Арбенина, Егор Крид, Моргенштерн, сондай-ақ «Тату», «Руки вверх», «Ленинград» топтары және ТМД елдерінен өзге де өнерпаздар енген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Молдова Мәдениет министрлігі бұл тізімнің тек ұсынымдық сипатта екенін және іс-шараларды ұйымдастырушылардың сұранысы бойынша жасалғанын атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, мұндай шаралар елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін іс-шаралардың өткізілуіне жол бермеу мақсатында қабылданған.

Сонымен қатар министрлік бұл құжаттың концерттерге тыйым салмайтынын және халықаралық мәдени ынтымақтастықты шектемейтінін мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!