Яндекс акцияларынның KASE ресми тізімінен шығарудың немен байланысты екені түсіндірілді.
«Санкция режимі бар екені белгілі. Қазақстан қор биржасы өткен жылы Яндекс компаниясына қатысты санкциялық режимді сақтауды күшейтті. Санкцияға қатысты әлі де нюанстар бар, сондықтан біз делистинг туралы шешім қабылдауға мәжбүр болдық», – деді Қазақстан қор биржасы АҚ басқарма төрағасы Алина Алдамберген елордада өткен жылды қорытындылау шарасында.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері аталған компанияның Нидерландыда орналасқанын еске салды.
KASE басшысының айтуынша, санкция Яндекс компаниясының Нидерландыда орналасқанына қатысты емес екенін түсіндірді.
«Бізде кейбір ресейлік акциялардың листингі тоқтатылды. Бұл алдымен санкция режимімен байланысты. Екіншіден, Ресей мен Қазақстан арасында бағалы қағаздармен есеп айырысу мен сауданы жүргізу қиынға соғумен байланысты. Қазір акциялар бойынша біз делистинг туралы шешім қабылдадық», – дейді ол.
Фото: retail.ru
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!