Фото: ҚР Керлинг федерациясы

KAZINFORM — Астана қаласы «Сарыарқа» мұз айдынында керлинг спортынан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

Байрақты бәсекенің соңғы күні аралас жұптық финалы өтіп, өзара мықтыны анықтады.

Қортындысында, Астана қаласы спортшылары чемпион атанса, Алматы обылысы күміс медаль, Қостанай обылысы қола жүлдені қанжығалады.

Еске сала кетсек, Керлингтен Қазақстан чемпионаты 18 ақпаннан 27 ақпан аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» мұз айдынында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге еліміздің 8 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!