ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауабында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзету енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесінің болуы жөнінде біліктілік талабы қойылады. Жұмыс тәжірибесінің болуы жөніндегі талап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына сәйкес белгіленеді. Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі болуы үшін конкурстық баға ұсыныстарына шартты жеңілдіктер қолданылады», – деп жазылған жауапта.

Оның мәліметі бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін есепке алу мәселелері регламенттелмеген.

«Осыған байланысты қазіргі уақытта қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, бөлу, бөлу, қайта құру) нәтижесінде жұмыс тәжірибесін алған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауды регламенттеу мақсатында Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жоғарыда аталған қағидаға өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін есептеуді реттеу жөнінде түзету әзірленіп жатыр. Өз кезегінде осы мәселе бойынша тиісті ақпараттық түсініктеме қағидаға өзгеріс енгізілгеннен кейін мемлекеттік сатып алу порталында жарияланады», – деп жазады Әлихан Смайылов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!