Фото: Pixabay.com
Таяу Шығыстағы жағдайға және азаматтық авиацияға төнген жоғары қауіп деңгейіне байланысты азаматтық авиация әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан елдерінің әуе кеңістігінде және оған жақын аумақта ұшуды толық тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шектеу қазақстандық әуе кемелерін пайдаланушылар орындайтын барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қолданылады.
Ұшу әуежайларына оралатын рейстер:
- KC263 Алматы – Медина,
- KC897 Алматы – Дубай,
- KC653 Алматы – Доха,
- KC205 және KC207 Астана – Дубай рейстері.
KC899 Алматы – Дубай Делиге бағыт алды. FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі балама әуежайға бағыт алды.
28 ақпандағы Таяу Шығыс бағытындағы қалған рейстер тоқтатылды.
SCAT әуекомпаниясының 28 ақпан және 1 наурыз күндеріне арналған кестесінде Таяу Шығыс бағытындағы рейстер жоқ.
Шетелдік Qatar Airways, AirArabia, Air Arabia Abu Dhabi, Flydubai, JazeeraAirways, Air Cairo, Red Sea ақпаратына сәйкес, әуе компанияларының бас кеңселері және туроператорлармен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр.
Ирандық әуе компанияларының кестесіне өзгерістер енгізілген. Мәселен QeshmAir әуе компаниясының 28 ақпандағы Таяу Шығыс бағытындағы рейстері тоқтатылды. Pars Air компаниясында 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында рейстер көрсетілмеген.
Әуекомпаниялары мен әуежайлар жолаушыларды кестедегі барлық өзгеріс туралы уақтылы хабардар ету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Хабарламалар SMS және e-mail тарату, мобильді қосымшалардағы push-хабарламалар арқылы жіберіледі, ресми сайттармен әлеуметтік желілерде жарияланады, сондай-ақ колл-орталықтар мен анықтамалық қызметтер арқылы хабарланады.
Жолаушыларға көмек көрсету мақсатында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық қызмет: тел. +7 7172 79 82 13; +7 7172 79 82 14; +7 7172 79 82 15.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!