Әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тарапынан төленетін төлемдер туралы жарнама тарап жатыр. Онда сауалнамадан өткендерге 325 мың теңгеден төленетіні айтылады. Бұл алаяқтық, – деп хабарлайды Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, «ҚазМұнайГаз» компаниясы ешқандай сауалнама жүргізбейді. Ресми сайтта да, әлеуметтік желілердегі парақшаларда да мұндай хабарландыру жоқ. Бірақ екеуінде де «ҚазМұнайГаз» атынан әрекет ететін алаяқтар туралы ескертулер жарияланған.

Сауалнама үшін сыйлық немесе ақшалай сыйақы беру – онлайн-алаяқтар ұнататын әдісі. Осылайша, олар қолданушыларды фишинг сайттарына тартып, алдап, дербес ақпаратқа қол жеткізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!